$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбырлы күндер келе жатыр: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады

Жаңбырлы күндер келе жатыр: алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, онымен бірге жаңбыр, найзағай күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.

«25-26 шілде күндері Алматы облысының батысы мен солтүстігінде өте қатты ыстық – 42°С күтіледі.

24 шілде күні батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 35-38°С дейін жетеді.

24-25 шілдеде республиканың орталығында – 35-38°С, оңтүстігінде – 40-42°С, 24-26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста – 35-39°С, 25-26 шілдеде шығыста – 35-38°С, 26 шілдеде солтүстікте – 35°С ыстық», – делінген ауа райы болжамында.

Серіктес жаңалықтары