23.07.2025, 12:00
Жаңалықтар
Универсиада-2025: қазақстандық таэквондошы алтын медаль жеңіп алды
Универсиада-2025 Германияда өтіп жатыр
Фото: Olympic.kz
Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Германияда өтіп жатқан Универсиада-2025 жарысында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды
Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ санатында сынға түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Финалда түрік спортшысын жеңді
Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Түркия өкілі Өмер Дайоғлуды сенімді түрде жеңіп шықты.
Қазақстан құрамасының алғашқы алтыны
Самирхон Абабакиров — биылғы Универсиадада Қазақстанға алғашқы алтын медаль әкелген спортшы. Бұған дейін еліміздің қоржынында алты қола жүлде болған.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды