Синоптиктер ескертуі жарияланды
23 шілде күні Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, бұл жағдай атмосферада зиянды заттардың шоғырлануымен байланысты. Белгілі бір метеожағдайларда зиянды қоспалар ауада қалып қойып, ұзақ уақыт тарамайды.
«2025 жылдың 23 шілдесінде Ақтөбе, Алматы қалаларында және түнгі уақытта Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосферадағы зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Олар мыналар:
Мұндай жағдайларда ауада зиянды қалдықтар жиналып, қаланың экологиясына кері әсер етеді. Әсіресе тығыз салынған тұрғын аудандар мен өндірістік аймақтарда бұл құбылыс жиі байқалады.
ҚМЖ кезінде: