$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аванс деп білемін»: Димаш Құдайберген Қырғызстанның Халық әртісі атанды

Ол бұл марапат екі ел арасындағы достықтың белгісі екенін айтты

«Аванс деп білемін»: Димаш Құдайберген Қырғызстанның Халық әртісі атанды
Фото: https://dimashnews.com/

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің ғаламат финалы өтті. Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайберген «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағымен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Димаш Құдайберген марапат алған соң қырғыз халқына өзінің жылы лебізін білдірді.

«Бұл марапатты менің сіңірген еңбегімнің марапаты ретінде қабылдағым келіп тұрған жоқ әзірге. Болашақта екі ел арасында мызғымас бірлік үшін жасалатын қызметке аванс ретінде берілді деп қабылдаймын. Бұл қазақ пен қырғыз халқы достығының символы деп білемін. Қазақ халқына көрсетілген құрмет деп түсінемін», - деді Димаш Құдайберген.

Димаштың әкесі Қанат Айтбаев бұл қуанышты жаңалық туралы жеке парақшасына жазды. 

«Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өткен халықаралақ эстрадалық әншілер фестивалінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенге екі ел арасындағы достық құрметіне Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары