$ 541.93  636.71  6.83
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада қонақүй отқа оранды: алапат өртті сөндіруге 80-нен астам маман жұмылдырылды

Алматы ауданындағы үш қабатты қонақүйде өрт шықты

Астанада қонақүй отқа оранды: алапат өртті сөндіруге 80-нен астам маман жұмылдырылды
Фото: ҚР ТЖМ

Астананың Алматы ауданында орналасқан үш қабатты қонақүйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Өрт ашық жалынмен өршіген

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртке жоғары дәрежелі шақырту бойынша келген. Құтқарушылар жеткенде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт кең көлемде өршіген.

Жағдайды бақылауға алу үшін арнайы штаб құрылды

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, жағдайды бақылауға алу шаралары қолға алынды. 112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қою түтін, жоғары температура – сөндіру жұмысы қиындап жатыр

Өртті сөндіру үшін бірнеше су құрылғысы іске қосылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта өрт сөндірудің төрт учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өрттің өршуіне байланысты сөндіру жұмысы қою түтін, жоғары температура мен от жүктемесінің көптігіне байланысты күрделенуде», — деп хабарлады ТЖД.

80-нен астам маман мен 13 техника тартылды

Өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД-нің 80-нен астам қызметкері мен 13 арнайы техникасы жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары