Жолаушылар тасымалына бақылау күшейді
Павлодар облысында 63 жастағы зейнеткер ішімдік ішіп алып, мотоцикл айдаймын деп жүргізуші куәлігінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Пограничник ауылында 63 жастағы ер адам мас күйде мотоцикл жүргізгені үшін ұсталды. Полиция қызметкерлері бұл құқық бұзушылықты дер кезінде тоқтатып, мотоциклді мамандандырылған айыптұраққа жіберді. Ал жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды – тиісті сот шешімі шықты.
Тағы бір заңбұзушылық Үштерек ауылында анықталды. Жүргізуші мотоциклді жүргізуші куәлігінсіз басқарған, әрі көлік тіркелмеген болып шықты. Бұл дерек бойынша полиция екі бірдей әкімшілік хаттама толтырып, азаматқа 30 АЕК (103 500 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салды.
Ақсу өңірінің тәртіп сақшылары күн сайын мотоцикл, скутер, мопед және өзге де мототехника жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, құжаттарын тексеруде.
«Мұндай шаралардың мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, қауіпсіздікті күшейту және заңсыз тасымалдың жолын кесу», – деп мәлімдеді облыстық ПД.