Оқыс оқиға 2025 жылдың 14 қаңтарында болды
Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынына қатысты аса қатыгездікпен жасалған қылмыстық оқиға бойынша сот үкімі шықты. Ауылдың екі тұрғыны – 27 жастағы Тілеғен Мейірханов пен Мейірбек Есенов Круглоозерное ауылында болған шабуыл үшін кінәлі деп танылып, тиісінше 8 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой Город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қанды оқиға 2025 жылдың 14 қаңтарында болды. Екі азамат ауылдасы Кирилл Иртикеевті сыртқа шақырып, екі рет аңшы мылтығынан атып жіберген – бірі ішіне, бірі қолына тиген.
Зардап шеккен азаматтың айтуынша, жанжал бұдан бұрын басталған: ол амандаспағаны үшін соққыға жығылған досын қорғап, араша түскен. Ал үш апта өткен соң күдіктілер қару асынып келген.
Сотта Иртикеев болған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндады:
Оқ атып болған соң, қансыраған ер адамды ауылды аралатып, содан кейін ғана ауруханаға апарып, өздері қашып кеткен.
Жәбірленуші бірнеше операция жасатып, ішек пен қол сіңірлері зақымданып, 4-топтағы мүгедектік алған. Қазір ол жұмысқа жарамсыз.
2025 жылдың 22 шілдесінде Орал қалалық сотының судьясы Сабыржан Есжанов келесі үкімді шығарды:
Екеуі де сот залында қамауға алынды.
Сонымен қатар, сот шешімімен:
Кирилл Иртикеев үкімге келіспейтінін, жазаның тым жеңіл және өтемақы мөлшерінің жеткіліксіз екенін айтты. Ол қазіргі таңда күнкөріссіз қалғанын мәлімдеді.
«Мұндай әрекетке барған адамдар аз мерзіммен құтылмауы керек. Мен де, отбасым да бұл оқиғаны өмір бойы ұмытпаймыз», – деді ол.
Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.