$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2019, 09:35
Жаңалықтар

Бурабай аудандық коммуналдық қызмет басшысы істі болды

Ол 60 шақырымдық Щучье-Николаевка тас жолын күрделі жөндеу кезінде мемлекеттен бөлінген 287 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілігіп отыр

Бурабай аудандық коммуналдық қызмет басшысы істі болды
Фото: ашық дереккөзден

Қыруар қаржыны қолды еткен. Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген мемлекеттің ақшасын жымқырды деп күдікке іліккен Бурабай аудандық коммуналдық қызмет басшысы Қайыргелді Мусин екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол 60 шақырымдық Щучье-Николаевка тас жолын күрделі жөндеу кезінде мемлекеттен бөлінген 287 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілігіп отыр. Қайыргелді Мусинге қатысты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, бөтеннің мүлкін иемденді немесе талан-таражға салды деген айыппен іс қозғалған. Бұған дейін бірнеше жыл Щучье қаласының әкімі қызметін атқарған шенеунікті тергеу кезінде екі айға қамауға алуға сот санкция берді. Мусин өткен тамыз айында қызметінен кеткен еді. Ал қарамағында қызмет атқарған экс-шенеунік туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев білмейтін болып шықты.

 «Қайыргелді Мусин туралы ештеңе естіген жоқпын. Қазір зерттеп, дұрыстап жауап берем», - деді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.
 

Серіктес жаңалықтары