Ақтөбеде ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деп айыпталған шенеуніктер соты басталды

Жарияланған:
29.10.2019, 09:21

Олар мемлекеттік бағдарламамен кезексіз үй алып беремін деп 100 миллион теңгеден астам қаражатты қолды қылған деп айыпталып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысып, елу шақты адамды сан соқтырды деп айыпталған екі мемлекеттік қызметкерге қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ол Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастар бөлімінің бұрынғы басшысы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері. Олар мемлекеттік бағдарламамен кезексіз үй алып беремін деп 100 миллион теңгеден астам қаражатты қолды қылған деп айыпталып отыр.

2014 -2018 жылдар аралығында Дүйсекенова мен Нұрмұханова тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге, ал кейбіріне үй кезегін жылжытып беруге уәде еткен көрінеді. Айыптаушы дерегінше, Нұрмұханова үй алғысы келетін адамдарды тауып, оларға қолхат беріп ақша алған. Кейін жалған келісімшарт беріп, бөтен адамдардың пәтерлерін көрсеткен.

Алданып қалған елу шақты адам бар. Олардың қатарында баспана кезегінде тұрғандар мен кезекке ілікпегендер де кездеседі. Дені медицина қызметкері, саудагер, кәсіпкерлер. Сот процесіне жәбірленушінің тек сегізі ғана қатысты.

 «Мен 3 млн 800 мың бердім. Артыннан тағы сұрады. Оралмандық құжаттарды істеу үшін Нұрмұхановамен, одан кейін Махаббат деген кісімен таныстырды. Бізге Батыс 2-ден үш бөлмелі үй көрсетті. Келісімшарттарды көрсетіп, қол қойып, мөр басып рәсімдеп берді», - дейді жәбірленуші Гүлзар Сұлтанова.  

Жанаргүл Дүйсекенова осы жылдың сәуір айында қамауға алынып, кейін қыркүйек айында денсаулығына байланысты үй қамағына ауыстырылды. Қылмыстық істе бірнеше эпизод пен жәбірленушінің көптігіне байланысты бұл сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін.

 

Тегтер: #Ақтөбе #сот
Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
5 жылда Қазақстанға 130-дан астам адам экстрадицияланды – Тұрғымбаев
Сапарбаев: Біз жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек
Ауыз су мәселесі ұлттық қауіпсіздік деңгейіне дейін теңестіріледі - БҰҰ

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.