Алматыда карантин шаралары қайта күшейтілді

Автор: Azattyq Rýhy

Той-жиын өткізуге қатаң тыйым салынған

Әсет Құндақбаев

Алматыда COVID-19 вирусының қайта өршуіне байланысты карантиндік шаралар күшейтілді,  деп хабарлайды coronavirus2020.kz. 

Айта кетейік, қалада коронавирус жұқтырғандар саны 3113 адамды құрады. Сонымен қатар, ауру симптомы жоқ тағы 813 адам тіркелген. Осыған байланысты адам көп жиналатын орындардың жұмысына тағы да шектеу қойылатын болды. Атап айтқанда...

  • Базарлар 9:00-ден 16:00-ге дейін, демалыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
  • Сауда орталықтары тамақтану объектілерінің, ойын-сауық объектілерінің жұмысын тоқтата отырып, сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
  • Банкет залдарының, бильярд, компьютерлік орталықтар мен боулингтердің, букмекерлік кеңселердің жұмысы тоқтатылды.
  • Банктер қызметкерлердің 50%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек.
  • Кештерді, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
  • Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар филиалдары қызметкерлерінің 50%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.
  • ХҚКО-ның жұмысы онлайн-форматқа аударылуы тиіс, онлайн көрсету мүмкін емес қызметтер уақыты бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін шектелуі тиіс.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 22:00-ге дейін шектелген.