$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жарнамалық қосымшаға ақша салған: Павлодар тұрғындары 58 млн теңгесінен айырылып қалды

58 миллион теңгеден астам қаржы жарнамалық қосымшалар деген желеумен жиналған

Жарнамалық қосымшаға ақша салған: Павлодар тұрғындары 58 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: Azattyq Rýhy

Павлодарда «TAKORP» атты қаржылық пирамиданы ұйымдастырған екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

2024 жылдың қаңтар айында айыпталушылардың бірі жарнамалық технологияларды дамыту сылтауымен азаматтардан ақша тартатын құрылым ұйымдастыру жоспарын жасап, жүзеге асыра бастаған.

БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы жарнама жасаған

Айыпталушылар қаржылық пирамиданы БАҚ пен электрондық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде жарнамалап, азаматтарды ақша салуға үгіттеген.

Соттың дерегінше, «TAKORP» қаржылық пирамидасына қазақстандықтар жалпы сомасы 58 миллион теңгеден астам қаражат салған.

Кінәлары дәлелденді: біреуі мойындады, бірі жартылай келісті

Сотта айыпталушылардың кінәлары жәбірленушілер мен куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді.

Айыпталушылардың бірі кінәсін толық мойындады, ал екіншісі жартылай келісті.

Үкім: 6 жыл және 1,5 жыл бас бостандығынан айыру

Сот шешімі бойынша:

  • Р. есімді азаматқа 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды;
  • Ч. есімді екінші айыпталушыға 1 жыл 6 ай мерзім берілді.

Екеуі де жазасын қауіпсіздігі ең төмен мекемеде өтейтін болады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды

Сот жәбірленушілердің 58 миллион теңгеден астам қаржыны өндіру туралы талаптарын толықтай қанағаттандырды.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары