$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйел адам некесіз тұрған күйеуімен айырылысып, одан пәтер мен көлігін беруді талап еткен

Әйел адамға сотқа жүгінген, бірақ сот оның талабынан бас тартты

Әйел адам некесіз тұрған күйеуімен айырылысып, одан пәтер мен көлігін беруді талап еткен
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында азаматтық некеде тұрған әйел ортақ мүлікті бөлісу туралы талаппен сотқа жүгінді. Алайда сот некенің ресми тіркелмегенін алға тартып, оның талабын кері қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйел мүлікті ортақ меншік деп тануды сұрады

Облыстық соттың хабарлауынша, мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық сот бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы мүлікті бөлу жөніндегі азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы әйел экс-жолдасына қарсы сотқа жүгініп, бір кездері бірге тұрған кезде сатып алынған пәтер мен автокөлікті ортақ мүлік деп танып, бөліп беруді сұраған.

Сот неліктен талапты қанағаттандырмады?

Сот мынадай негіздерге сүйеніп, талапты қанағаттандырудан бас тартты:

  • Талап қоюшы мен жауапкер 2019 жылы заңды некені бұзып, 2020 жылдан бастап қайта бірге тұрған, бірақ ресми некеге тұрмаған;
  • Осы аралықта ер адам пәтер мен көлікті өзінің атына сатып алған;
  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске сәйкес, ерлі-зайыптылар арасындағы құқықтар мен міндеттер тек мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап туындайды. Ал азаматтық некеде бірге тұру – заңды неке болып есептелмейді;
  • Сотта куәгерлікпен 100 АЕК-тен жоғары сомаға жасалған мәміле дәлелденбейді. Талапкер мүлікке нақты қаржы құйғанын растайтын құжаттарды да ұсынбаған.

Сот шешімі заңды күшіне енді

Сот істі жан-жақты қарап, азаматтық некедегі бірге тұру – мүліктік құқық бермейтінін нақтылады. Соған сәйкес, талапкердің пәтер мен көлікке ортақ меншік ретінде таласу құқығы жоқ деп шешілді.

Серіктес жаңалықтары