$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері анықталды

Қазақстанда 2025 жылы зейнетақы төлемдеріне 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді

Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері анықталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері зейнетақы төлемдеріне 2 трлн 98,6 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 678,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 1 трлн 419,9 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткерлер саны – 2,5 миллионнан асады

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша елде 2 млн 489 мың зейнеткер тіркелген.

Орташа зейнетақы мөлшері – 143 529 теңге

Сол күнгі мәліметке сәйкес, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері – 143 529 теңге. Оның ішінде:

  • ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге;
  • базалық зейнетақы – 47 617 теңге.

Зейнетақы инфляциядан озып өсуде

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы қанша пайызға өсті:

  • базалық зейнетақы – 6,5%-ға;
  • ынтымақты зейнетақы – 8,5%-ға.

Бұл өсім инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары.

Базалық зейнетақы кезең-кезеңімен артады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде:

  • базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына,
  • ең жоғары мөлшері – 120%-ына дейін кезең-кезеңімен жеткізіледі.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төмен базалық зейнетақы – 32 360 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%),
  • ең жоғарысы – 50 851 теңге (күнкөріс деңгейінің 110%).

Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

2018 жылдан бастап базалық зейнетақы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қарай жеке тағайындалады.

Оған мыналар қосылады:

  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйеде жұмыс істеген кезең;
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген жылдар.

Мысалы:

  • Егер өтілі 10 жыл немесе аз болса – базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 70%-ына тең.
  • 10 жылдан асқан әр жыл үшін 2%-ға артып отырады;
  • 20 жыл өтіл болса – базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 90%-ы;
  • 30 жыл және одан көп болса – 110%-ын құрайды.

Бір ай ішінде бірнеше рет жарна төленсе де, жүйеге қатысу мерзімі 1 ай деп есептеледі.

Ынтымақты зейнетақы қалай есептеледі?

Жасқа байланысты тағайындалатын зейнетақы мөлшері:

  • 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне (кемінде 6 ай болуы керек);
  • зейнетке шыққанға дейінгі орташа айлық табысқа байланысты есептеледі.
Серіктес жаңалықтары