20.07.2025, 15:23
Жаңалықтар
Теміртауда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға түсті
Жол апатына жасөспірім жүргізуші себеп болды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Теміртауда үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. «Mercedes», «Nissan» және «Nissan Juke» автокөліктері соқтығысып, үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облыстық ПД мәліметінше, «Mercedes» автокөлігін 16 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысып, артынша жарық бағанына соғылған.
Жолаушылар мен жүргізуші зардап шекті
- «Nissan» көлігін 44 жастағы азамат басқарған.
- Соқтығыстан кейін бұл көлік тұрақта тұрған «Nissan Juke»-ке соғылған.
- Жол апаты кезінде «Juke» салонында 48 жастағы әйел отырған.
Жалпы үш адам – «Mercedes» жүргізушісі мен «Nissan» көлігіндегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Тергеу басталды
Полиция оқиғаны тіркеп, қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалған. Сараптама нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
11.06.2026, 12:39
«Қырындап, ұятсыз видео көруге мәжбүрледі»: Алматы облысында оқушы қыз өгей атасының сұмдық әрекетін айтты
11.06.2026, 16:20
«Мешітте түнеп жүрген»: Астана тұрғыны намаз оқып жатқан адамның қымбат телефонын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
11.06.2026, 18:00
Атырау облысында шартты түрде сотталған бес адам түнде көшеге шыққаны үшін түрмеге қамалды (ВИДЕО)
11.06.2026, 14:46
Астанада Калашников автоматын ұстаған әйел адам жұртты шошытты (ВИДЕО)