Бұл көшеде жол жөндеу жұмыстары басталады
Астанада Сығанақ көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталуына байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты 20–25 шілде аралығында екі учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады.
«Аталған учаскелерде көлік қозғалысы 20 шілдеден 25 шілдеге дейін толықтай тоқтатылады», – делінген басқарма хабарламасында.
Қала әкімдігі жүргізушілер мен қала қонақтарын алдын ала маршрут жоспарлауға шақырып отыр. Себебі жөндеу жұмыстары кезінде жолда кептеліс болуы мүмкін.