Қазақстандық әйел желіде жазба жариялап, министрліктен баласын аман алып қалуға көмек алды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Айтуынша, Астанадағы клиника сәбиді қабылдаудан бас тартқан, себебі бос орын болмаған

Фото: Freepik.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Threads желісіндегі көмек сұраған ата-анаға жауап беріп, жаңа туған сәбиге көмек ұйымдастырды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Не болды?

Threads әлеуметтік желісінде пайдаланушы katen_x жақын туысына көмек сұрап жазба жариялағаннан кейін, желіде жаппай қолдау басталды. Оның айтуынша жаңа туған сәби жансақтау бөлімінде жатыр және жүрегіне шұғыл ота қажет.

Қыз баланың айтуынша, Астанадағы клиника сәбиді қабылдаудан бас тартқан, себебі бос орын болмаған.

«Жүрекке ота жасау керек, Астана ресми түрде «орын жоқ» деді. Баланың жүрегінде ақау бар. Санавиациямен Астанаға жеткізіп, шұғыл операция жасау қажет. Бүгін сәби ИВЛ-сіз (өкпені жасанды желдету аппараты) өз бетінше дем ала бастады, бізге керемет бір жағдай – көмектесе алатын немесе таныстары арқылы бағыттап жіберетін дәрігер керек», – делінген жазбада.

Министр жазбаға жауап берді

Жазба үлкен резонанс тудырып, көп ұзамай оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тікелей жауап берді. Пікір алаңында ол бұл ақпаратты қызынан алғанын және тиісті тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.

«Маған анасының байланыс деректері керек. Барлық қажетті көмек толық көлемде ұйымдастырылады. Қазір мен Республикалық санитариялық авиация орталығына Рудный қаласындағы ауруханамен телемедицина арқылы консультация өткізіп, емдеу тактикасын түзетіп, тасымалдауға дайындауды тапсырдым», – деп жазды министр.

Жағдай бақылауға алынды

Жазбаның авторы министрдің шұғыл әрекетіне толқып, ризашылығын білдіріп, барлық деректі жеке хабарлама арқылы жіберетінін айтты.

«Құрметті қазақстандықтар, бізді естіді! Денсаулық сақтау министрі Рудныйдағы шұғыл ота қажет баланы бақылауына алды. Санавиацияға тапсырма берілді!» – деп қуанышпен бөлісті ол кейінірек.