42 градусқа дейін ысиды: Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық болады
20 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап, жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болады. «Қазгидромет» синоптиктері дауылды 20 шілдеге арнап осындай болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қонаевта қатты аптап ыстық күтіледі – ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі.
Ақмола облысында тұман түсіп, өрт қаупі жоғары болады.
Таразда қатты жел соғып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында 38-40 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, сондай-ақ өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында найзағай, бұршақ, дауыл, жел, ыстық және өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.
Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, қатты жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтау мен Қарағандыда өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен, Семей қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында найзағай мен секундына 15-20 метрге дейін жететін қатты жел болжанып отыр.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған қалаларында, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл, жел, 42 градусқа дейінгі аптап және өте жоғары өрт қаупі күтіледі.