«Ішуді кеше ғана қойдым»: Төреғали Төреәлінің тағы бір шулы видеосы тарады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол сахнада тұрып, жұрттың сынына қалды

Фото: Видеодан скрин

Атышулы танымал әнші Төреғали Төреәлінің желіде тағы бір шулы видеосы жарияланды. Онда әншінің Алакөлде жүргенін байқауға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода әнші сахна үстінде тұрып, тыңдарманына тіл қатты. Ол өз сөзінде ішімдік ішуді қойғанын айтты.

«Сыра әкеп беремін бе, дейсің бе? Жоқ и, қойғанмын, қойдым ғой. Кеше тоқтаттым деген жоқпын ба! Ұят қой. Тағы да Алакөлге келіп, ішіп алыпты деп жүрсе. Анда-санда демалу керек. Бірақ жұмыс та істеу керек», – дейді Төреғали Төреәлі.

Алайда, әншінің бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан тағы да сынға ұшырады.

«Қазір де кішкене ұрттап алған сияқты ғой», «Не киіп алған? Сахна мәдениеті қайда», «Семіздікті қой ғана көтереді деген», «Осы тұрғанда ішкен немесе шегіп алған», «Сахнада тұрып қуып тұр ғой, есік алдында отырғандай», «Бұл да бір жүрген біреу. Соңғы кездері қуып кетті, киімінің түрі анау», «Осыны неге шақырады?! Не айтып тұр өзі?» – деп жазды желі қолданушылары.