Ақмола облысында жүргізуші адам қағып, қашып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Астана-Петропавл трассасында болды

Ақмола облысында 24 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2025 жылғы 18 шілде күні сағат 22:00 шамасында, Астана-Петропавл автожолының 179-шақырымында болды.
Куәгерлердің арқасында полиция жедел әрекет етті
Біржан сал аудандық полиция бөліміне беймәлім көлік жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткені жөнінде куәгерлерден ақпарат түскен. Алған жарақатынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған.
Күдікті көлік жолда байқалды
Полиция жол-патрульдік экипаждарға хабар беріп, көп ұзамай Hyundai Sonata маркалы көлік анықталды. Оның алдыңғы бампері мен сол жақ айнасына зақым келген.
Жүргізуші ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Тергеу басталды
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.