$ 529.44  617.06  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында бір алқап есірткі ошағы жойылды

Арнайы техникамен 6 гектар каннабис толығымен жойылды

Алматы облысында бір алқап есірткі ошағы жойылды
Фото: polisia.kz

Алматы облысының Райымбек ауданында жабайы түрде өскен ірі каннабис алқабы анықталды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз есірткі айналымымен күрес шарасы

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Райымбек ауданында наркобекеттерді анықтау және жою мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шараларұйымдастырылды. Операцияға аудандық прокуратура, полиция бөлімі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты.

Алқап көлемі – алты гектар

Райымбек ауданына қарасты Қызылшекара ауылының маңынан шамамен 6 гектар аумақты қамтыған жабайы каннабис өсімдіктері табылды. Арнайы техника арқылы өсімдіктердің барлығы толығымен жойылғаны хабарланды.

«Операцияның мақсаты – заңсыз есірткі айналымының жолын кесу және аудандағы наркоситуацияны бақылау шараларын күшейту», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

  • Ауылдарда ақпараттық баннерлер ілінді
  • Жергілікті халықпен түсіндіру кездесулері өткізілді
  • Негізгі назар есірткіге қоғам тарапынан төзбеушілік көзқарас қалыптастыруға бағытталды
  • Құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында профилактикалық шаралар өтті
Серіктес жаңалықтары