Олар ақша, зергерлік бұйымдар мен алтын әшекейлерді ұрлап кеткен
Астанада полиция гастролер ұрыларды «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 шілде күні Астана қаласының тұрғыны полицияға пәтер ұрлығы жөнінде хабар берді. Үй иелері сыртта болған сәтте белгісіз біреулер терезені сындырып, пәтерге кіріп, ақша, зергерлік бұйымдар мен алтын әшекейлерді ұрлап кеткен.
«Криминалдық полицияның жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында күдіктілер қысқа мерзімде анықталды. Олар бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған Қостанай облысының екі тұрғыны болып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Ұрланған заттардың барлығы тәркіленіп, ұсталғандар қамауға алынды. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция азаматтарды қарапайым сақтық шараларын ұстануға шақырады: