Жаңа форматтағы бейнебаян жұрттың көңілінен шықты
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Тұрғамбек «Дүние-ай» әніне жасанды интеллектің көмегімен бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жаңа туындысын instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Алғашқы рет жасанды интелект пен клип!», - деп жазды өнерпаз.
Жаңа форматтағы бейнебаян жұрттың көңілінен шықты.
«Досым жарайсың! Тамаша шыққан. Алла тіл-көзден сақтасын», «Тарихи мәні бар клип», «Жарайсың, Айдар!», - деп жазды олар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Айдар Тұрғамбек сүйіктісіне гүл сыйлайтын жігіттер қауымына ескерту жасаған болатын. Әнші отбасындағы жағдай құпия болуы керек екенін атап өтті.