17.07.2025, 16:39
Жаңалықтар
Ақмола облысында департамент басшысы парамен ұсталды (ВИДЕО)
ҰҚК мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерін тергеп жатыр
Фото: ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті басқармасының басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды