Сондай-ақ ол бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды
Астана тұрғыны көлік нөмірін қағазбен жауып қойғаны үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Республика даңғылы бойында патрульдік қызмет барысында елордалық патрульдік полиция қызметкерлері Hyundai көлігін тоқтатты. Көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жартылай жабылғаны анықталды — жүргізуші нөмірдегі әріптердің бірін қағазбен жапқан.
«Осылайша ер адам жол ережелерін бұзғаны үшін автоматты тіркеуден жалтармақ және ақылы автотұрақтарда төлем жасамау ниетінде болған», - деп жазылған хабаралмада.
Мемлекеттік нөмірлік белгіні әдейі бұрмалау немесе жартылай жасыру — жалған нөмірлік белгіні қолданумен тең деп танылады және жауапкершілікке әкеледі.
Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен жүргізуші бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке қамауға алынды. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция ескертеді:
Мұндай фактілер міндетті түрде тіркеліп, кінәлілер жауапқа тартылады.