$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қойдың құлағын берген»: Назым Қызайбайдың әкесі түркиялық боксшыны шошытып алды

Түрік боксшысын Назымның әкесі қой сойып, ерекше күтіп алған

«Қойдың құлағын берген»: Назым Қызайбайдың әкесі түркиялық боксшыны шошытып алды
Фото: instagram.com/busenazsurmeneli

Бокстан үш дүркін әлем чемпионы және Токио Олимпиадасының жеңімпазы, түркиялық Бусеназ Сюрменели Алматы облысында қонақта болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz порталына сілтеме жасап.

Оны Қазақстандағы құрбысы, боксшы Назым Қызайбай шақырған. Екеуі біраздан бері жақсы араласып жүр.

«Құрметті қонақ келгенде Назымның әкесі қой сойып, ерекше күтіп алған. Бірақ мұндайды көрмеген Бусеназ біраз таңырқапты. Тіпті, оған қойдың құлағын кесіп бергенде шошығаны тағы бар», - деп жазды портал.

«Аталарымыз жол үстінде дастарқан даярлап, бізді күтіп жатыр. Қыздар былайша айтқанда «шок» болып жатыр. Өмірінде бірінші рет қойдың басын көріп отыр», – дейді Назым Қызайбай видеода.

Бусеназ Сюрменели — жетістіктер тізімі

  • Олимпиада чемпионы (Токио-2020)
  • Әлемнің үш дүркін чемпионы
  • Түркияның ұлттық мақтанышы, 66 кг салмақ дәрежесінің көшбасшысы

Жақында Астанада өткен World Boxing кубогының финалында Сюрменели өзбекстандық Навбахор Хамидовадан жеңіліп қалды.

Серіктес жаңалықтары