Таяуда Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов шаңырақ көтерген болатын
Әнші Нұрлан Еспановтың жақында үйленген ұлы Олжас Еспанов «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында қайын ата атанған әкесінің еш өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Негізі үйде болмайды ол кісі. Тек ұйықтауға келеді. Былай қарасаң, «квартирант» сияқты. Түсте тұрады да, кетіп қалады. Қатты ұялып жүрген жоқ, баяғыдай жүр», - дейді ол.
Оның сөзін Нұрлан Еспановтың өзі де растады.
«Өзім де қазір үйде болып жатқан жоқпын. Қонақтарды күтіп алып, шығарып салып жатырмын. Жүрмін ғой әйтеуір, әрі -бері шапқылап. Енді басталатын шығар қызықтар. Енді ұялуын ұяласың ғой. Бірақ келін өте жақсы. Біз көпшіл адамбыз. Біздің үйде адам көп пе, аз ба білінбейді. Тойды өткізіп алдық. Құдалықты күттік», - дейді өнерпаз.
Еске сала кетейік, таяуда Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов шаңырақ көтерген болатын.
«Ал той құтты болсын! Алланың қалауымен үлкен тойды өткізіп алдық! Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет! Осындай той баршаңызға жұғысты болсын!», - деп жазды Олжас Еспанов Instagram парақшасында.