$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

40 градус аптап ыстық, жаңбыр: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» сәрсенбі, 16 шілдеге жасалған ауа райы болжамын ұсынды

40 градус аптап ыстық, жаңбыр: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар аймағында аптап ыстық болады, жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысында найзағай ойнап, жел күшейеді.

Ақтау, Шымкент және Қарағанды қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн күркіреп, 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Жезқазған қаласында, Қарағанды, Ұлытау облыстарында екпіні 15-18 м/с жел соғып, 35 градусқа дейін ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан қаласында, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қаласында, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл соғып, жел күшейеді, 36 градусқа дейін ыстық болады, өрт қаупі жоғары.

Серіктес жаңалықтары