$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ішкі істер министрлігі адам шошырлық статистиканы жариялады

Алты айда жол апатынан 275 адам көз жұмған

Ішкі істер министрлігі адам шошырлық статистиканы жариялады
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі алты айда жол апатынан 275 адам көз жұмғанын мәлімдеп, жүргізушілерге жылдамдықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мыңнан астам жол апаты болды

Ведомствоның мәліметінше 2025 жылдың алты айында ел жолдарында жылдамдықты асырып жүрудің үш миллионнан астам дерегі тіркелген.

«Жылдамдық режимін сақтамау жол апаттарының басты себептерінің бірі болып отыр», - деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Атап айтқанда, жарты жылда елді мекендерде жылдамдықты арттыру салдарынан 1129 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 95 адам қаза тапты. Ал республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда 986 апат болып, 180 адам көз жұмды.

Әлеуметтік бейнеролик түсірілді

Жолдағы жауапкершілікті еске салу мақсатында полиция әлеуметтік бейнеролик жариялады. Онда тек жүргізушінің емес, басқа да адамдардың тағдырына әсер ететін бір әрекеттің салдары көрсетіледі.

«ІІМ жылдамдық режимін сақтау жай ғана талап емес, әр адамның қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды ереже екенін атап өтеді», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары