Қазақстанда 14 шілдеде ауа райы күрт құбылады
14 шілде күні еліміздің бірқатар өңірінде найзағай, дауыл, бұршақ және аптап ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты мына аймақтарда жаңбыр мен найзағай болады:
«Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста қатты жаңбыр мен шквал күтіледі», – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Қазақстанның басқа аймақтарында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда бұл өңірлерде аптап ыстық байқалады.
Қызылорда облысында қатты жел соғып, шаңды дауыл болуы мүмкін. Басқа өңірлерде де желдің екпіні күшейеді.