$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады

Онда жөндеу жұмыстары басталады

Астанада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады
Фото: pixabay

Астана қаласында 13–16 шілде аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар съездер уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай жолдар жабылады?

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, төмендегі бағыттарда көлік қозғалысы тоқтатылады:

  • Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне бұрылатын жол
  • Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына бұрылатын жол

«13 шілдеден 16 шілдеге дейін көрсетілген бағыттарда қозғалыс толығымен шектеледі», – делінген ресми хабарламада.

Уақытша белгілер қойылады

Жөндеу жұмыстары кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы уақытша жол белгілері орнатылады. Тұрғындар мен қала қонақтары алдын ала маршруттарын жоспарлауға шақырылады.

«Тұрақты кептелістердің алдын алу үшін жүргізушілер жол қозғалысын алдын ала жоспарлағаны жөн», – дейді әкімдік өкілдері.

Серіктес жаңалықтары