$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда Яндекс такси бағасына тексеру жүргізілді – бірқатар бұзушылық анықталды

Яндекс Такси жүргізушілерінің мәселелері талқыланды

Қазақстанда Яндекс такси бағасына тексеру жүргізілді – бірқатар бұзушылық анықталды
Фото: freepik.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде такси қызметтері нарығын мониторингілеу тобының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында аппараттық-бағдарламалық кешендер мен (немесе) такси тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшаларды қолданатын қызметтер нарығы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Яндекс Такси бағалау алгоритміне аудит жүргізілді

Агенттіктің хабарлауынша, отырыс аясында Яндекс Таксидің алгоритмдік баға қалыптастыру тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелері қаралды. Аудитті Бәсекелестікті қорғау агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және сарапшылармен бірлесе отырып жүргізген.

«Естеріңізге сала кетейік, Яндекс Такси антимонополиялық комплаенс аясында аудиттен өтуге міндеттелген болатын. Аудиттің мақсаты – Яндекс сервисін, оның ішінде такси қызметінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу», – делінген хабарламада.

Алғашқы аудит жүйедегі бірқатар тәуекелдерді анықтады

Аудит нәтижесінде баға қалыптастыруға әсер ететін келесі тәуекелдер анықталған:

  • Қала шекараларының әкімшілік-аумақтық шекаралармен сәйкес келмеуі;
  • Бағаны бағаға қатысы жоқ компоненттер арқылы көтеру;
  • Қосымшада бағаны есептеуге қажетті ақпараттың толық болмауы;
  • Әуежайдағы жолаушылардың орналасуына байланысты дискриминация.

Яндекс кейбір мәселелерді шешті, қосымша міндеттеме алды

Бірқатар тәуекел жойылса, басқалары бойынша Яндекс міндеттемелер қабылдаған. Мәселен, агенттіктің хабарламасына сай, Яндекс+ адалдық бағдарламасының ережелері өзгертілген. Енді бағдарлама аясындағы барлық жеңілдік шығынын Яндекс өзі өтейді.

Компания антимонополиялық талаптарды күшейтті

Компания өз комплаенс құжатына келесі талаптарды енгізді:

  • Сұраныс арту кезеңінде такси бағасының негізсіз өсуін болдырмау;
  • Жүргізушілердің табысының төмендеуіне жол бермеу;
  • Жалпы антимонополиялық заңнаманы бұзбау мақсатындағы шараларды іске асыру.

Жүргізушілердің шағымдары мен Яндекс есебі тыңдалды

Кездесу барысында агенттікке келіп түскен өтініштер негізінде Яндекс Такси жүргізушілерінің мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2025 жылдың І тоқсанына қатысты Яндекстің антимонополиялық комплаенсті сақтау есебі тыңдалды.

Мониторинг тобының қорытынды ұсыныстары

Жиын соңында мониторинг тобы мемлекеттік органдар мен Яндекс Такси компаниясына арналған ұсыныстар әзірледі.

Серіктес жаңалықтары