$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада LRT жолын тот басып кеткен: жауапты компания түсініктеме берді

Рельс төсеу жұмысы 80 пайызға аяқталды

Астанада LRT жолын тот басып кеткен: жауапты компания түсініктеме берді
Фото: CTS компаниясы

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Соның ішінде 18 шақырымға рельс төселіп, бұл бүкіл құрылыс көлемінің 80 пайызын қамтиды. Алайда суреттерге мән берсек, рельс жолдарын тот басып кеткенін байқауға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қандай материалдар қолданылады?

Құрылыс барысында темір мөлшері жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған арнайы рельстер пайдаланылады. Бұл материалдар LRT қозғалысына қажетті төзімділікті қамтамасыз етеді.

Неліктен рельсте тот пайда болады?

Компанияның мәлемітенше, темір ауа мен ылғалдың әсерінен табиғи түрде тотығады. Соның салдарынан бетінде тат пайда болуы – қалыпты құбылыс. Бұл рельстің сапасы мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді.

Рельс неге боялмайды?

Көпшілік үшін күтпеген жайт болуы мүмкін: рельстерге бояу немесе лак жағылмайды. Себебі:

  • Бояу қозғалыс жүктемесімен тез тозып қалады;
  • Дөңгелектердің ілінісуіне кедергі келтіреді;
  • Дәнекерлеу сапасына кері әсер етуі мүмкін.

Пойыздар қозғалысы кезінде рельс бетіндегі тот жойылады

Жобалаушылардың айтуынша, тот рельс беріктігіне әсер етпейді. Пойыздар қозғала бастағанда, дөңгелектердің үйкелісі арқылы рельс беті өздігінен тазарады.

Барлық рельс жаңа әрі арнайы жасалған

Астанадағы LRT жобасына арналған рельстер 2025 жылы арнайы өндірілген. Сондықтан оларда тоттың болуы – табиғи және техникалық тұрғыдан қалыпты жағдай. Бұл жағдай рельс сапасына және жалпы инфрақұрылым қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейді.

Құрылыс қашан аяқталады?

Рельс төсеу жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жоспар бойынша жолдың үстіңгі құрылысы 2025 жылғы тамыз айының соңында аяқталады.

Серіктес жаңалықтары