Павлодар облысының тұрғыны автоцистернаға құлап, көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 8 шілдеге қараған түні болған

Фото: istockphoto.com

Павлодар тұрғыны қаза тапқан қайғылы жағдай бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«8 шілдеге қараған түні Павлодар – Қызылорда автожолындағы Береке мен Төртқұдық ауылдарының арасында MAN маркалы седельді тартқыштың автоцистернасында жүргізуші қаза тапты», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бензин құю үшін цистернаға шығып бара жатып, құлап кеткен.