Биыл Ақмола облысында 10 бала терезеден құлап кеткен – екі жағдай өліммен аяқталды
Қосшы қаласында 8 шілде күні қайғылы оқиға болды. 2017 жылы туған қыз бала көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтер терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер келгенше бала жан тапсырған, жедел жәрдем шақырылғанымен, оны аман алып қалу мүмкін болған жоқ.
Ақмола облысы бойынша биылдың өзінде балалардың терезеден құлап кетуінің 10 фактісі тіркелген. Оның ішінде 2 жағдайда бала қаза тапқан.
Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай оқиғалар көбіне күндізгі уақытта болады. Ересектер үйде болса да, назардан тысқалған бір сәтте қайғылы жағдай болуы мүмкін.
Жаз мезгілінде балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлау фактілері күрт артады. Бұл жағдай тек кішкентай сәбилерге емес, мектеп жасындағы балаларға да қатысты. Олар:
Ашық тұрған терезе мен жақын маңда тұрған жиһаз – бұл жағдайда өлімге апаратын факторлар болуы мүмкін.
Ата-аналар жиі қателікке бой алдырады: масаларға арналған тор баланы қорғайды деп ойлайды. Алайда:
Баланың терезеден құлауын болдырмау үшін:
Бір сәттік бейқамдық – орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Терезеден құлау – алдын алуға болатын қайғылы жағдай. Сондықтан бала қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты міндеті.