09.07.2025, 12:48
Жаңалықтар
Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста – 44 градус ыстық, өзге өңірлерде – жаңбыр
Қазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады
Фото: pixabay.com
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің батысында жоғары қысым аймағының әсерінен күн ашық әрі ыстық болады. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
10-11 шілдеде орталық пен оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста – жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі.
Еліміз бойынша желдің күшеюі болжанып отыр.
Ауа температурасы қалай өзгереді?
- Батыс пен оңтүстік-батыста – күндізгі аптап 40-44 градусқа дейін күшейеді;
- Солтүстік өңірлерде – температура 22-27 градустан 17-23 градусқа дейін төмендейді;
- Шығыста – температура 20-28 градус аралығында;
- Оңтүстікте – температура 25-37 градустан 38-43 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі;
Оңтүстік-шығыста – күндіз 25-30 градус аралығында болады.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды