$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

Мопед жүргізушісі қарсы бағытта жүріп келе жатқаны үшін тоқтатылды

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кетті
Фото: Видеодан скрин

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы мопед жүргізушісі Төле би даңғылымен қарсы бағытта жүрген. Оны полицейлер байқап, тоқтатуға әрекеттенген. Алайда тәртіп бұзушы тоқтамай, полицейді қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынуға тырысқан.

«Қылмыскер тез арада табылып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше бап бойынша іс қозғалды, соның ішінде полицияның заңды талабына бағынбау дерегі де бар. Сот шешімімен ол 10 тәулікке қамалды. Бұл – өрескел оқиға. Мұндай заң бұзушылықтарға қатаң тосқауыл қойылады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Серік Шумаев.

Серіктес жаңалықтары