08.07.2025, 16:43
Жаңалықтар
Алматы тауларында жасөспірім адасып кетті
Алматы тауларында жасөспірім адасып кетті
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 6 шілде күні сағат 11:46-да полиция қызметкерінен жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Хабарламаға сәйкес, азамат А.А. өзінің 2007 жылы туған інісі – А.Н.-ның 2 шілде күні үйден шығып, тауға бет алғаннан кейін оралмағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар шұғыл іздестіру жұмысына кірісті
Хабарлама түскен сәттен бастап іздестіру-құтқару жұмысы дереу басталған. Оған келесі күштер жұмылдырылды:
- Алматы қаласының Құтқару қызметі (109);
- Республикалық жедел-құтқару жасағы;
- Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД);
- Шекара қызметі және полиция бөлімшелері;
- Еріктілер;
- 8 техника бірлігі;
- 4 кинологиялық топ;
- 3 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон);
- авиация.
Жоғалған жасөспірімнің туыстары да іздеу орнында
Қазіргі уақытта іздеу операциясы Алматы қаласының ТЖД-не қарасты «Аюсай» визит-орталығы жанында құрылған жедел штаб арқылы үйлестірілуде. Жасөспірімнің он туысы да сол жерде жүр.
Іздеу үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуде:
- Космостанциядан Үлкен Алматы көлі бағытына дейінгі жол – жоталардың оң және сол жақ бөліктері тексерілуде.
- Алмаарасан мен Аюсай бағыты – таудан төмен қарай түсетін беткейлерді тексеру.
- Космостанциядан шекара бекетіне дейінгі аралық – оң және сол жақ беткейлер мұқият қаралуда.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды