СҚО-да саяжай аумағында ағаш үй өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

ТЖМ өрт сөндірушілері саяжай қоғамындағы жарылыс қаупінің алдын алды

Фото: ҚР ТЖМ

Петропавл қаласының «Фаза» саяжай аумағында ағаштан жасалған үй отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында жақын орналасқан монша өрттен құтқарылды.

«Өрт сөндіру барысында ТЖМ күштері газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.