$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақтың балуан қызы еркін күрестен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Жас спортшы қыз финалға дейін жетіп, халықаралық додадан елге медальмен оралды

Қазақтың балуан қызы еркін күрестен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Фото: Lada.kz/Александр Мухалев

Ақтаулық спортшы Арина Қуанышева еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Чемпионат 6 шілде күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өз мәресіне жетті. Арина Қазақстан құрамасы сапында сынға түсті.

Азияның мықтылары қатысқан дода

Аталған чемпионатқа Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Жапония, Үндістан, Корея, Моңғолия, Өзбекстан, Тайвань және басқа да елдердің жас спортшылары қатысты.

Арина Қуанышева 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.

Тайвань мен Жапония өкілдерін жеңді

Алдын ала іріктеу кезеңдерінде Арина Тайвань мен Жапония спортшыларын жеңіп шықты.

Финалда Өзбекстаннан келген қарсыласына сәл ғана есе жіберіп, екінші орынға тұрақтады. Бұл туралы оның жаттықтырушысы Александр Мухалев мәлімдеді.

Спортшы бапкерлеріне алғыс білдірді

Арина Қуанышева Азия чемпионатына дайындық барысында өзін жаттықтырған Меруерт Дымбаеваға, Юлия Хамелиске және Александр Мухалёвке алғыс айтты.

Бұған дейін ел чемпионы атанған

Еске салайық, Арина Қуанышева биыл сәуір айында еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанған болатын.

Серіктес жаңалықтары