$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қантты шамадан тыс пайдалану: дәрігерлер зардабын айтып, халыққа ескерту жасады

Дәрігерлер семіздік пен жүрек-қан тамырлары ауруларынан сақтану үшін тәттілерден бас тартуға кеңес береді

Қантты шамадан тыс пайдалану: дәрігерлер зардабын айтып, халыққа ескерту жасады
Фото: pixabay

Қантты шамадан тыс тұтыну денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, оның ішінде семіздікке, екінші типті қант диабетіне және жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келуі мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ: Қант мөлшері тәулігіне 25 грамнан аспауы керек

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, қалыпты салмақтағы ересек адам үшін тәуліктік қантты тұтыну мөлшері 25 грамнан аспауы керек. Бұл шамамен 6 шай қасық.

Дәрігерлер қандай кеңес береді?

Сарапшылар тәуекелді азайту үшін келесі кеңестерді ұсынады:

  • Өнімдердің құрамын мұқият оқып, қант аз немесе мүлдем жоқ тағамдарды таңдаңыз;
  • Тәтті сусындардан бас тартып, оларды таза сумен немесе төмен калориялы баламалармен ауыстырыңыз;
  • Кәмпиттің орнына – жеміс-жидек жеген дұрыс, бірақ жүзім мен банан сияқты өте тәтті жемістердің мөлшерін шектеу керек;
  • Шөлді тек таза сумен басу қажет.

Жасырын қанттарға назар аударыңыз

Мамандар жасырын қанттар жиі кездесетін тағамдарға да көңіл бөлу керектігін айтады. Мысалы:

«Бір ғана ас қасық кетчупта 4 грамға дейін қант болуы мүмкін», – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.

Сондықтан зауыттық соустардан аулақ болып, үйде дайындалған тағамдарға табиғи қант алмастырғыштарын қолдану ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары