$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық боксшылар Кубоктың медальдық есебінде көш бастады

Астанада өткен әлемдік жарыста ел құрамасы 20 салмақтың 16-сында жүлде иеленді

Қазақстандық боксшылар Кубоктың медальдық есебінде көш бастады
Фото: Ақорда

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 30 маусым мен 6 шілде аралығында бокстан әлем Кубогының үшінші кезеңі өтті. Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысып, ел намысын қорғаған қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қазақстан құрамасының нәтижесі

Ұлттық құрама 20 салмақ дәрежесінің 16-сында жүлдеге қол жеткізді. Ерлер мен әйелдер командасының нәтижесі төмендегідей:

Ерлер құрамасы:

  • 5 алтын
  • 1 күміс
  • 2 қола

Әйелдер құрамасы:

  • 3 алтын
  • 3 күміс
  • 2 қола

Финалдық кезең қашан өтеді?

Бокстан әлем Кубогының финалдық кезеңі биыл 15–22 қараша аралығында Үндістанда өтеді. Бұл додада үздіктер арасындағы бәсеке одан әрі қыза түспек.

Қазақстан боксы 

Қазақстан боксы – әлемдік аренада тұрақты табысқа жетіп жүрген спорт түрі. Соңғы жылдары ел құрамасы Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді.

«Қазақстандық боксшылардың жеңісі – еліміздің спорттағы жүйелі дамуы мен бапкерлер еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.

Серіктес жаңалықтары