Арасында 28 бала бар
АҚШ-тың Техас штатында орын алған жойқын су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны 82 адамға жетті. Мамандар жаңбырдың әлі де жалғасатынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CNN арнасының мәліметінше, Техас штатының әр аймағында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында көптеген адамның мүрдесі табылды. Қаза тапқандардың басым бөлігі – Керр округінен, мұнда кем дегенде 28 бала ажал құшты.
Жексенбі кешіндегі ресми мәлімет бойынша, табиғи апаттан 82 адамның көз жұмғаны нақтыланды. Олардың арасында:
Апат болған аумақтарда төтенше жағдайлар қызметі құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мамандар апат аймағында із-түзсіз кеткен адамдардың саны әлі де нақтыланбай отырғанын атап өтеді. Болжам бойынша, құрбандар қатары әлі де артуы мүмкін.
Сейсмологтар мен ауа райын болжаушылар Техас аумағында алдағы күндері де жаңбыр жауып, жағдайдың ушығуы мүмкін екенін мәлімдеді. Билік жергілікті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, эвакуация ережелерін орындауға кеңес беріп отыр.