Әйгілі «Қытай қорғанында» бір топ бүлдіршін күй шертті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қытайда «Домбыра күні» атап өтілді

Фото: instagram.com/qazemb_to_china

Қазақстанның Қытайдағы елшілігі Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің оқушыларымен және ұстаздарымен бірлесіп, «Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін» атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас музыканттар ұстаздармен бірге «Келіншек күйін» орындады.

2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр болып саналады.

Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.