$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.06.2020, 22:57
Жаңалықтар

9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда аптап ыстық, жауын-шашын, қатты жел болады

9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Ертең 9 облыста аптап ыстық, жауын-бұршақ, қатты желге байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

14 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі бар.

Ертең Нұр-Сұлтанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ссолтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.

14 маусымда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

14 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық болады.

14 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

14 маусымда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық күтіледі. 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады түнде жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді.

14 маусымда күндіз Атырау облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатынан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 35-39 градус қатты ыстық, өрт қауіптілігі V деңгейде болады.

14 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында 40 градус қатты ыстық болуы ықтимал.

14 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15- 20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары