Қазақстандық боксшы үндістандық қарсыласына есе жіберді
Қазақстандық Ертуған Зейнуллинов бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалында есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерлесіміз 65 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында үндістандық Абхинаш Джамвалмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, үндістандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.
Осылайша, Ертуған Зейнуллинов (65 келіге дейін) Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды.