Коронавирус кесірінен «Рахат» кондитерлік фабрикасының жұмысы тоқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Алматының бас санитар дәрігері жеке профилактика шараларын сақтап, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болуға шақырады
 

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағындағы «Компания Достар-Коммерц» базары қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелуіне байланысты тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Көк базардың қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

«Базардың әкімшілігінен коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірінші оқиғасын зерттеу барысында тағы 19 жағдай анықталды, ол да Әкімшілік қатарынан шыққан. Осылайша, Көк базарда індетті жұқтырған қызметкерлері саны 20-ға жеткен. Сатушылар арасынан жұқтыру оқиғалары анықталмады. Қайтыс болған адамға қатысты (Базар әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімінің қызметкері) оның өлімінің себептерін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы өлім себептерін зерттейтін Комиссия анықтайтын болады»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, коронавирус инфекциясын ауру белгілерісіз таратушылардың анықталуына байланысты «Рахат» кондитерлік фабрикасының да жұмысы тоқтағанын хабарлаймыз. Алғашында 8 адам анықталып, олардан тепловизор арқылы жоғары температураның анықталуына байланысты жұмысқа жіберілмеді. Сонымен бірге 1450 қызметкерге тест жүргізілген. Осыған байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитап дәрігерінің қаулысындағы талаптарға сәйкес қызметкерлер үй карантиніне босатылды. Фабрика әкімшілігі өздерінің шешімімен жұмысты 15 маусымға дейін тоқтатқан. ТҚСҚБД аудандық басқармаларына эпидемияға қарсы шаралар толығымен аяқталғанша фабрика жұмысын тоқтату туралы қаулы берілді.

«Көріп отырғандарыңыздай, сіздердің тараптарыңыздан қауіпсіздік шараларының қамтамасыез етілмеуі – бұл персонал мен келушілер термометриясы, әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қамтамасыз ету, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдар қорының болуы – сіздердің ұйымдарыңыздағы қызметкерлер арасында аурудың тарауына және нысанның жұмысын тоқтатуға алып келді. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік режим шараларын қатаң түрде сақтауларыңызды талап етемін. Маска тағу режимін сақтап, жеке қорғаныс құралдарын (маскалар, қолғаптар) ауыстырып тұру өте маңызды», — деді кәсіпкерлерге қарата айтқан сөзінде Ж. Бекшин.

Өз кезегінде, азаматтарға әлі де адамдар көп жиналатын орындарға баратын орындардан аулақ болу және үй карантинінде болған кезде жеке оқшаулану қағидасын қатаң ұстану кеңесі берілді.