$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикордың бұрынғы басшысы Татубаев азаптау ісі бойынша ұсталды

Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

Антикордың бұрынғы басшысы Татубаев азаптау ісі бойынша ұсталды
Фото: palata.kz

Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу аясында қосымша дәлелдемелер жиналуда, және тиісті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2025 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі, 1) және 2) тармақтары бойынша көзделген азаптау қылмысын жасады деген күдікпен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы Т.М. Татубаевтың ұсталғанын хабарлады», - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілуге жатпайды. Сондықтан тергеу барысына қатысты қосымша ақпарат әзірге берілмейді.

Серіктес жаңалықтары