$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында 16 келі қарасора өсірген адам ұсталды

Қазіргі уақытта заңсыз өсімдіктерге сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр

Атырау облысында 16 келі қарасора өсірген адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Атырау облысында есірткі өсірумен айналысқан аудан тұрғыны анықталды. Полиция оның үйінен 16 келі қарасора тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қарасора – 2025» операциясы аясында қолға түсті

Polisia.kz мәліметінше, Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Индер ауданының тұрғынын ұстаған.

16 келі қарасора тәркіленді

Тінту барысында күдіктінің тұрғылықты мекенжайынан 16 келі қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта заңсыз өсімдіктерге сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдары мен өсімдіктерін заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Кінәсі сотпен дәлелденбейінше, күдікті – кінәсіз

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігі және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адамның кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен ғана дәлелденеді. Осыған байланысты өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары