$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Сыныптастарым танымай қалды»: Кенжебек Жанәбілов бала күніндегі қызықты оқиғаны айтып берді

Әнші тәулігіне 3 мезгіл спортпен айналысқан

«Сыныптастарым танымай қалды»: Кенжебек Жанәбілов бала күніндегі қызықты оқиғаны айтып берді
Фото: instagram.com/kenzhebekmuzart/

Әнші Кенжебек Жанәбілов «Qazaqstan» телеарнасындағы «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында бір жыл мектепке бармай, спортпен айналысып, 35 кг салмақ тастағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өнерге келмесем, спорт саласында жүретін едім. Спортты жақсы көремін. Достарым да спорт десе, ішкен асын жерге қояды. Спорт адамның денсаулығына да керек деп ойлаймын. Қазір спортпен міндетті түрде шұғылданамын. Бассейнге барамын», - дейді әртіс.

 Кенжебек Жанәбілов бала күнінде бокспен бір жарым жыл айналысқанын атап өтті.

«Мектеп қабырғасында жүргенімде артық салмағым болатын. Содан қалаға келіп, 6 айдың ішінде 35-40 кг салмақ тастадым. Таңертең жүгіремін, күндіз жаттығуға барамын. Жаттығудан кейін демалып алып, қайтадан кешке қарай жүгіретін едім. Тәулігіне 3 мезгіл спортпен айналыстым», - деп толықтырды әнші.

Айтуынша, ауылға қайта оралып, мектепке барғанда сыныптастары танымай қалған.

«30-40 кг салмақ тастағанда мүлдем басқаша түр береді екен», - деп еске алды ол.

Еске сала кетейік, Кенжебек Жанәбіловтің құдалықтағы ерекше биі желіде қызу талқыланған болатын. Әннен шашу шашылып, қонақтар билеп жатқанда Кенжебек Жанәбілов камераға тіке қарап, бөксесін қимылдатып билейді. Құдалықтың видеосы интернетте тарап кетті.

 

Серіктес жаңалықтары