04.07.2025, 07:57
Жаңалықтар
Жезқазғандық құтқарушылар ерекше оқиғаға тап болды
Құтқарушылар пәтерден жарқанатты шығарды
Фото: istockphoto.com
Жезқазған қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері ерекше шақыруға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше Жеңіс көшесінде орналасқан жоғарғы қабаттағы пәтерлердің біріне жарқанат кіріп, өздігінен шыға алмаған.
«ТЖМ құтқарушылары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен жарғанатты ұстап алды», - деп жазылған хабарламада.
Егер Сіздің үйіңізге жарқанат ұшып кірсе:
- онымен тікелей байланыста болудан аулақ болыңыз;
- балалар мен үй жануарларын басқа бөлмеге шығарыңыз;
- оны ақырын ұстаңыз да бостандыққа жіберіңіз.
Еске сала кетейік, Қостанай облысының Лисаков қалалық ауруханасына 2025 жылдың мамыр айында жатқызылған Камысты ауданының тұрғыны құтырмадан көз жұмды. Ол үй мысығы тістеп алғаннан кейін дәрігерге бармаған.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы